«ОЛЕ БРАЗИЛ» ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

23.03.2012, 03:01
«ОЛЕ БРАЗИЛ» ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ
Бразилияда оқып келген балалардың тағдырына Үкімет араласты. «Астана-64″ командасы тарап, Алматыға келген он бес бала Елордаға қайта оралды. Спорт және дене шынықтыру агенттігі жас футболшыларға тағы бір команда құрып берді. Қазір командаға нақты ат қойылған жоқ. Бізге мәлім болғандай клубты, бразилиялық бапкер Тиаго Козлоски жаттықтырады. Жаңа команда бірінші лигада бақ сынайтыны да мәлім болды. Қазір бұл клуб бразилияда тәлім алған футболшылармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Команда өзінің бірінші лигадағы ойындарын «Астана арена» стадионында өткізеді. аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Қайта оралған - Тевес
Келесі жаңалық
ІЗДЕУ САЛАМЫЗ
Серіктес жаңалықтары
×