Қайта оралған - Тевес

22.03.2012, 08:49
Қайта оралған - Тевес

Кеше түнде керемет футбол болды. Иә, дәл осылай айтуға толық негіз бар. Әлемдегі ең мықты деген екі команда бір-біріне қарсы тұрды. "Мансити" өз алаңында "Челсиді" жеңді. Ойын барысында жеңіліп жатып жеңіске жетті. Кэхилдің байқамай соққан голына пенальтиден Агуэро жауап қатты. Ал ойын соңында Тевестен пас алған Насри жеңісті гол соқты.

Эссьеннің қолына тиген доптан пенальти белгіленді, Лэмпард қателік жасап Болаттеллиді бірге-бір шығарды, Торрес шабуыл өтінде дым тындырмады - міне, кешегі "Челси" ойыны осылай өрбіді. Дрогбаны өте кеш шығарған Ди Маттеоның не ойлағаны түсініксіз. Лондондықтар сапынан тек қақпашы Чехты ғана ерекше атап өтуге болар.

"Челси" бесінші сатыда қалды. Ал, "Сити" енді "МЮға" бәсекені одан әрі ширықтыра түспек. 24-наурыз күні "Челси" - "Тоттенхэм" кездесуі күтіп тұр бізді. Тевестей ойыншыны жоғалтқан Манчиниге де обал жоқ. ЧЛда Тевес болғанда осы күндері жарыста ағылшындық клубтардың саны екеу болар ма еді?

Турнирная таблица.

 

М  Клуб И В Н П Мячи Очки
1  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 29 22 4 3 73-27 70
2  МАНЧЕСТЕР СИТИ 29 22 3 4 71-21 69
3  АРСЕНАЛ 29 17 4 8 58-39 55
4  ТОТТЕНХЭМ 29 16 6 7 53-35 54
5  ЧЕЛСИ 29 14 7 8 49-34 49
6  НЬЮКАСЛ 29 13 8 8 41-41 47
7  ЛИВЕРПУЛЬ 29 12 9 8 35-27 45
8  СУОНСИ 29 10 9 10 34-34 39
9  САНДЕРЛЕНД 29 10 7 12 36-33 37
10  ЭВЕРТОН 29 10 7 12 28-32 37
11  СТОК СИТИ 29 10 7 12 28-40 37
12  ФУЛХЭМ 29 9 9 11 37-40 36
13  ВЕСТ БРОМВИЧ 29 10 6 13 35-38 36
14  НОРВИЧ 29 9 9 11 39-46 36
15  АСТОН ВИЛЛА 28 7 12 9 31-35 33
16  БЛЭКБЕРН 29 7 7 15 42-60 28
17  БОЛТОН 28 7 2 19 31-57 23
18  КПР 29 5 7 17 30-50 22
19  УИГАН 29 4 10 15 25-54 22
20  ВУЛВЕРХЭМПТОН 29 5 7 17 30-63 22
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×