Кака "Реалға" ауысуы мүмкін

03.03.2011, 18:50
Кака "Реалға" ауысуы мүмкін
2007 жылдың үздік футболшысы, «Алтын доп» иегері, Рикардо Кака биылғы маусымнан кейін мадридтік клубтан кететінге ұқсайды. 2009 жылдың жазында италиялық «Миланнан» 67 миллион еуроға сатылып алынған ойыншы мадриттік жанкүйерлердің үмітін ақтамауда.

Жуырда ғана «Риасорда» өткен матч бұған дәлел бола алады. Каканың ойнына қанағаттанбаған Моуринью 60-минутта оны алмастырған болатын. Каканың қатысуымен өткен ақырғы екі матчта, «Реал» 4 ұпай жоғалтты. Ұзаққа созылған жарақатынан кейін ойыншы 3 қаңтарда ғана қатарға қосылған болатын. Осы уақыт аралығында болған 11 ойын барысында Кака 1350 минуттың тек 438 минутында ғана ойнады. Ол көрсеткіш 32,4%-ды құрайды. Ең қызығы осы аралықта болып өткен ең басты төрт матчта, атап айтсақ, «Севильямен» болған кубоктің жартылай финалдарында, «Эспаньолмен» өткізілген матчта, және де Чемпиондар лигасындағы «Лионға» қарсы матчта, Рикардо мүлдем алаңға шыққан жоқ. Мадридтік клубқа қосылған уақыттан бері ол небәрі 2 гол ғана соқты. Италиядағы көрсеткішпен салыстыруға тіпті мүмкін емес жайт. Какаға Еуропада құда түсуші командалар өте көп.

Ресейлік «Рубин» ойыншыға 45 миллион еуроға ұсыныс жасады. Дәл осындай сомаға «Реал» Мадрид клубы өткен жылғы маусымаралық үзіліс кезінде Месут Озил мен Анхель Ди Марияны сатып алған болатын. Абылай КАРИН. 2007 жылдың үздік футболшысы, «Алтын доп» иегері, Рикардо Кака биылғы маусымнан кейін мадридтік клубтан кететінге ұқсайды. 2009 жылдың жазында италиялық «Миланнан» 67 миллион еуроға сатылып алынған ойыншы мадриттік жанкүйерлердің үмітін ақтамауда. Жуырда ғана «Риасорда» өткен матч бұған дәлел бола алады. Каканың ойнына қанағаттанбаған Моуринью 60-минутта оны алмастырған болатын. Каканың қатысуымен өткен ақырғы екі матчта, «Реал» 4 ұпай жоғалтты. Ұзаққа созылған жарақатынан кейін ойыншы 3 қаңтарда ғана қатарға қосылған болатын. Осы уақыт аралығында болған 11 ойын барысында Кака 1350 минуттың тек 438 минутында ғана ойнады. Ол көрсеткіш 32,4%-ды құрайды. Ең қызығы осы аралықта болып өткен ең басты төрт матчта, атап айтсақ, «Севильямен» болған кубоктің жартылай финалдарында, «Эспаньолмен» өткізілген матчта, және де Чемпиондар лигасындағы «Лионға» қарсы матчта, Рикардо мүлдем алаңға шыққан жоқ.

Мадридтік клубқа қосылған уақыттан бері ол небәрі 2 гол ғана соқты. Италиядағы көрсеткішпен салыстыруға тіпті мүмкін емес жайт. Какаға Еуропада құда түсуші командалар өте көп. Ресейлік «Рубин» ойыншыға 45 миллион еуроға ұсыныс жасады. Дәл осындай сомаға «Реал» Мадрид клубы өткен жылғы маусымаралық үзіліс кезінде Месут Озил мен Анхель Ди Марияны сатып алған болатын.

Абылай КАРИН.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×