Камо Оганесянға Ресейдің екі клубы қызығушылық танытуда

13.12.2021, 17:35
Футболшы еркін агент атанды және Ресейде легионер болып есептелмейді.
Камо Оганесянға Ресейдің екі клубы қызығушылық танытуда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» қорғаушысы Камо Оганесянға ресейлік клубтар қызығушылық танытып отыр.

Армениялық футболшының «Қайратпен» келісім-шарты аяқталды. Еркін агент атанған Оганесян Ресей командалары үшін легионер бооып саналмайды. Оған Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін «Урал» және «Нижний Новгород» көз тігіп отыр. Бұл командалардың бапкерлері екі қапталда да, қорғаныста да, орталық алаңда да ойнай алатын футболшыны қатарға қосқысы келеді.

Айта кетейік, «Нижний Новгород» «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Соломон Удомен де келісім-шартқа отыруды жоспарлауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×