«Аталанта» тарихи рекорд орнатты

13.12.2021, 19:49
Клубтың Чемпиондар лигасында жолы болмағанымен, А сериясында ойыны жүріп тұр.
«Аталанта» тарихи рекорд орнатты

«Аталанта» А сериясының 17-ші турында «Веронаны» (2:1) жеңді. Осылайша, бергамолық клуб Италия чемпионаты аясында сырт алаңда қатарынан алты рет жеңіске жетті. Бұл - «Аталанта» клубының тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, деп хабарлайды Opta статистикалық порталы.

Жеңісті серия Италия чемпионатының 8-ші турындағы «Эмполиге» қарсы ойыннан (4:1) басталды. Одан кейін Гасперини шәкірттері «Сампдория» (3:1), «Кальяри» (2:1), «Ювентус» (1:0) және «Наполи» (3:2) клубтарын жеңді.

«Аталанта» 37 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Келесі турда команда «Ромамен» ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×