«Шахтер» тәжікстандық қорғаушымен келісім-шартты ұзартпақ

13.12.2021, 20:14
Мавутор өткен маусымда «Шахтердің» негізгі ойыншысына айналды.
«Шахтер» тәжікстандық қорғаушымен келісім-шартты ұзартпақ

Тәжікстандық қорғаушы Дэвид Мавутор мансабын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабы Мавуторға сенім артып отыр. Футболшының өзі де келісім-шартты ұзартуға қарсы емес екен.

Мавутор өткен маусымда «Шахтер» жейдесінде 15 ойын өткізіп, екі гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды. Қорғаушы 2018-2019 жылдары «Жетісудың» намысын қорғаған.

Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» Қазақстан чемпионатын жетінші орынмен аяқтап, Конференция лигасының іріктеу кезеңінде плей-офф раундына дейін жеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×