Карел Яролим: «Жеңіске жетуге шама жетеді»

19.07.2011, 17:17
Карел Яролим: «Жеңіске жетуге шама жетеді»
Қостанайға «Слован» командасы келді. Келе сала словак бапкері Карел Яролим журналистерді жиып, біраз әңгіме дүкен құрды. Тілші ағайын шағын жиында бәрін сұрап қалғысы келді. Ауа райынан басталған әңгіме алдағы күні өтер матчтың мәнеріне ұласты. — Қазақстанға 23 футболшымен келуге не себеп болды? — Ойнай алады дегеннің бәрін әкелдім. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Үшінші қақпашының да ойнауы мүмкін ғой. Таң қалмаңыздар бұған. — Қостанайдағы стадион көңіліңізден шықты ма? - Шыны керек әлі көргем жоқ. Бірақ жанкүйер көп болады деп естідім. Жұрт көп жиналсын, нағыз футбол атмосферасын сезейік. — Қостанайдың ауа райы қалай екен? — Бізде де ыстық. Сондықтан ыстыққа етіміз үйреніп кеткен. — «Слованның» психологиялық жағдайы қандай деңгейде. — Менің шәкірттерім толық ойынға шыдауға дайын. Сенем және сенейік. — «Тобылдың» құрамы өзгергенін естіп таң қалыпсыз. Себеп неде? — «Тобыл» құрамын өзгертсе, біз тактикаға түзету енгіздік. Қорғанысқа жатып алмай шабуылға да шығамыз. — Жеңіліп қалсаңыздар дейік… — Футболда бәрі мүмкін. Аргентина мен Бразилия Америка кубогында жеңіледі деп кім ойлады. Міне, футболдың бізге дайындаған тосын сыйы. Біз бәріне дайынбыз. Бастысы жеңіске жетуге дайынбыз. — Қостанайда Сіздерге жасалған жағдайға көңіліңіз тола ма? —Бәрі керемет. Кеткенше керемет болады деп сенейік. — Братислава төрінде «Тобылдан» қандай ойын күткен едіңіз? — «Тобылды» лайық қарсылас деп таныдық. Тани береміз. Және дайындығымызда жоғары деңгейде өтті. Әр команда өзінше ерекше. Әңгімесі нақты, жауабы жұмыр Яролим мырза істе де мығым сияқты көрінді. Қарсыластың бапкер өзіне сенімді. Ал «Тобыл» бапкері Сергей Петренконың да жеңістен дәмесі бар. Асет Қабылбеков, арнайы «Аламан» үшін Қостанайдан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×