Касильяс: «Моуриньо менің жүрегім ауырған кезде жағдайымды білу үшін хабарласқан алғашқы адам»

11.10.2020, 02:54
Икер Касильяс дәл осы аурудан кейін футболмен қош айтысқан еді.
Касильяс: «Моуриньо менің жүрегім ауырған кезде жағдайымды білу үшін хабарласқан алғашқы адам»

«Реалдың» бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс мадридтік команданы жаттықтырған Жозе Моуриньо туралы айтты.

«Көптеген адамдар мұны білмейді, бірақ Жозе Моуриньо менің жүрегім ауырғаннан кейін көңіл-күйімді білу үшін маған алғашқылардың бірі болып қоңырау шалды. Мен көптен бері көрмеген адамдармен кездестім, бұл маған өмірдегі ұсақ-түйектерді бағалауды үйретті. Сіз күн сайын өмір сүруге тырысасыз. Мен өте бақыттымын, мұндай мүмкіндікті кез-келген адам ала бермейді. Жүрегім тоқтаған күні мен өлетінімді сездім және бұл мені көп нәрсеге басқаша қарауға мәжбүр етті», - деді Касильяс ESPN арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 4 тамызда испаниялық қақпашы кәсіпқой мансабын аяқтағанын хабарлады. Касильяс - «Реалдың» түлегі. Икер Корольдік клубта 1998-2015 жылдар аралығында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×