«Каспий» «Тобылдың» жеңіліссіз сериясына нүкте қойды

28.04.2021, 22:05
Ақтаулық клуб бұл ойында өз дегенін жасап, қарсыласын еш қиындықсыз ұтты.
«Каспий» «Тобылдың» жеңіліссіз сериясына нүкте қойды

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры қарсаңында "Тобылды" қабылдады. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойындағы алғашқы гол 31-минутта соғылды. "Тобыл" қақпашысы Александр Мокин мен қорғаушы Алекса Амановичтің қателігін сәтті пайдаланған "Каспий" шабуылшысы Давид Караев бос қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Есепті теңестіргісі келген қостанайлық клуб 74-минутта тағы бір гол жіберіп алды. Бұл жолы Никола Цуцкич ерекшеленді. Ал қосымша уақытта Оралхан Өміртаев есепті қысқартты.

Ақтаулық клуб бұл ойыннан кейін 12 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Ал осы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған Григорий Бабаян шәкірттері 15 ұпаймен екінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×