Марин Томасов: «Мансабымды «Астанада» аяқтау нұсқасын жоққа шығармаймын»

28.04.2021, 17:40
Томасов ағымдағы маусымда 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Марин Томасов: «Мансабымды «Астанада» аяқтау нұсқасын жоққа шығармаймын»

"Астананың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов өткен маусымдағы команданың сәтсіз ойыны туралы пікір білдірді. Сондай-ақ ол өзінің мансабын Қазақстанда аяқтауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

- Сіз командамен үш рет чемпион атандыңыз. Осы маусымда қайтадан бірінші орынды алуға мүмкіндіктеріңіз бар ма?

- Неге алмасқа? Бізде өте жақсы құрам бар, командада керемет атмосфера орнаған және біз жеңгіміз келеді. Қазақстанда бәсекелестік жыл сайын артып келеді, қазір төрт команда чемпиондыққа таласуда, сонымен қатар осы күресте кедергі келтіретін тағы бірнеше команда бар.

- Команданың чемпионаттағы басты қарсыласы - "Қайрат". Соңғы екі жылда олар айтарлықтай прогресс жасады. Қалай ойлайсыз, қазір олардың командасы бұрынғыдан әлдеқайда мықты ма?

- "Қайрат" күшейді, бірақ біз өткен жылмен салыстырғанда мықтырақпыз. Біз өз ойынымыз бен нәтижемізді көбірек қадағалаймыз, қарсыластарға маусым соңында қарайтын боламыз.

- Сіздің ойыңызша, Билек неліктен нәтиже көрсете алмады? Команда оны түсінбеді ме?

- Мен өткен маусымды бәріміз үшін өте қиын болды деп айттым, стадион болған жоқ, карантин, үш-төрт ай бойы жақындарымызды көрмедік, Алматыдағы матчтар... Мұның бәрі командаға және жаттықтырушылар құрамына әсер етті. Мен Билек туралы жаман ештеңе айтқым келмейді және айтпаймын да, мұндай нәтижеге бәріміз - клуб, ойыншылар, бапкерлер құрамы кінәлі деп ойлаймын.

- Тіпті Эшуорттың кезінде де команданың ойыны онша өзгерген жоқ. Тәжірибе жеткіліксіз болды ма?

- Оған уақыт жетіспеді. Пол маусымның ортасында команданы жаттықтыруға келіскен болатын, матчқа бірнеше күн қалғанда, ол бір нәрсені өзгертуге тырысты. Бұл ең алдымен, команданың көңіл-күйіне әсер етті.

- Қазақстандағы қай футболшыларды ерекше атап өтуге болады? Кіммен ойнау қиын болды. Немесе сізді кім таң қалдырды?

- Тони Рукавинамен жаттығуда ойнау әрдайым өте қиын, ол нағыз кәсіпқой және әрқашан барын беруге дайын. Чемпионатқа келетін болсақ, "Қайратта" Сүйімбаевпен, "Тобылда" Малыймен ойнау қиын. Жалпы, қазір барлығы футбол ойнауды үйренді, Қазақстанда іс жүзінде оңай матчтар болмайды.

- Антонио Рукавина мансабын "Астанада" аяқтайтынын айтты. Сіз 33 жастасыз, тағы қанша уақыт ойнағыңыз келеді? Мүмкін сіз де өз мансабыңызды Қазақстанда аяқтайтын шығарсыз?

- Егер ойнауға шамам жетсе, мансабымды аяқтау туралы ойланбаймын. Қазір мен мансабымды міндетті түрде Қазақстанда, Хорватияда немесе басқа елде аяқтаймын деп нақты айта алмаймын. Бұл менің қызметтеріме кімнің және қалай қызығушылық білдіретініне байланысты болады. Мен де Антонио сияқты мансабымды "Астанада" аяқтау нұсқасын жоққа шығармаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×