Кристиан Пулишич Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

28.04.2021, 17:11
Пулишич кеше сырт алаңда «Челси» үшін маңызды гол соқты.
Кристиан Пулишич Чемпиондар Лигасында рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалының алғашқы матчында "Реал Мадрид" "Челсиді" қабылдады. Кездесу Мадридтегі (Испания) "Альфредо Ди Стефано" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

14-минутта "ақсүйектердің" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич есеп ашты. Антонио Рюдигерден керемет пас қабылдаған ол қақпашы Тибо Куртуадан айласын асырды. OptaJoe статистикалық порталының хабарлауынша, Пулишич Чемпиондар Лигасының жартылай финалында гол соққан тарихтағы алғашқы америкалық ойыншы атанды.

Бұл оның Чемпиондар лигасындағы бесінші голы болды. Осылайша, Пулишич Чемпиондар Лигасында ең көп гол соққан америкалық футболшы атанды. Ол бұған дейін бірінші орынды Еуропаның басты клубтық бәсекесінде төрт гол соққан ПСВ мен "Манчестер Ситидің" экс-футболшысы Дамаркус Бизлимен бөліскен болатын. Сондай-ақ Кристиан - турнирдің осы кезеңінде көзге түскен "Челсидің" ең жас ойыншысы (22 жас 221 күн).

Қос команда арасындағы қарымта матч 5 мамырда Лондон қаласындағы "Стэмфорд Бридж" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×