«Реал Мадрид» пен «Челси» арасындағы алғашқы кездесу тең есеппен аяқталды

28.04.2021, 08:09
Бұл матчта екі голдан артық ештеңе көре алмадық.
«Реал Мадрид» пен «Челси» арасындағы алғашқы кездесу тең есеппен аяқталды

УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалының алғашқы матчында мадридтік "Реал" лондондық "Челсиді" қабылдады. Кездесу Мадридтегі (Испания) "Альфредо Ди Стефано" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Матчта Дэнни Маккели бастаған Нидерландыдан келген төрешілер тобы қызмет атқарды.

Ойынның есебін "Челси" ашты. 14-минутта "ақсүйектердің" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кристиан Пулишич Тибо Куртуаны алдап өтіп, гол соқты. "Реал Мадрид" көп ұзамай таразы басын теңестірді. 29-минутта Карим Бензема қақпа алдындағы ұрымтал сәтті өз пайдасына жаратты. Екінші таймда қос команда да мардымды шабуыл жасай алмағандықтан, таблодағы есеп те өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта матч 5 мамырда Лондон қаласындағы "Стэмфорд Бридж" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×