Қазақстан жастар құрамасының экс-футболшысы Екінші лига клубын жаттықтырмақ

28.04.2021, 05:01
Бұған дейін «Алтайдың» Бірінші лигаға қатысудан бас тартқаны хабарланған болатын.
Қазақстан жастар құрамасының экс-футболшысы Екінші лига клубын жаттықтырмақ

Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсететін "Алтай" Екінші лигада бақ сынамақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Команда Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін, ойыншылар клубтың жабылатындығы туралы ақпарат алды. Мұны естіген футболшылардың барлығы дерлік жаңа команда тауып үлгерді. Ал "Алтай" басшылығы клубты сақтап қалу шешім қабылдады, бірақ Бірінші лигада емес Екінші лигада ойнайды.

Бұған дейін Сергей Тимофеевтің орнына бас бапкер болып Павел Евтеевтің тағайындалғаны хабарланған болатын. Дегенмен енді "Алтайды" өскемендік "Восток" командасының бұрынғы шабуылшысы және Қазақстан жастар құрамасының экс-ойыншысы Павел Удалов жаттықтырады.

Удалов - Өскемен футболының түлегі, "Восток" пен "Оқжетпес" командаларында ойнаған. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 249 матч өткізіп, 48 гол соқты.

Ол өзінің футболдағы мансабын 2015 жылы аяқтады. Бұған дейін "Алтай" футбол академиясында жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×