«Ювентус» Андреа Пирломен қош айтысуы мүмкін

28.04.2021, 04:41
Италиялық маманға соңғы мүмкіндік берілді.
«Ювентус» Андреа Пирломен қош айтысуы мүмкін

Туриндік «Ювентустың» бас бапкері Андреа Пирло жақын уақытта қызметінен босатылуы мүмкін.

Football Italia басылымының хабарлауынша, «Ювентус» басшылығы Чемпиондар Лигасына берілетін жолдама үшін күрестегі команданың қиын жағдайына таңданып отыр. Егер А сериясының 34-турында өтетін «Удинезеге» қарсы матчта «Ювентус» жеңіліп қалса, Пирло қызметінен босатылады деп күтілуде. Егер Андреа командадан кетсе, туриндік клубты оның көмекшісі Игорь Тюдор жаттықтырады.

Пирло «Ювентусты» өткен жазда Маурицио Сарри қызметінен босатылғаннан кейін қабылдады. Қазіргі уақытта 66 ұпаймен «қарт синьора» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×