«Тоттенхэм» клубын жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің есімі белгілі болды

28.04.2021, 04:24
Басты үміткер ретінде қарастырылған Нагельсманн «Баварияның» бас бапкері атанды.
«Тоттенхэм» клубын жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің есімі белгілі болды

Жозе Моуриньоны қызметінен босатқан лондондық "Тоттенхэм" команданы келесі маусымнан бастап жаттықтыратын бас бапкер іздестіруде.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, Юлиан Нагельсманн "Баварияның" бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін "Тоттенхэм" бар назарын Эрик тен Хагқа аударды. "Аякстың" қазіргі бас бапкері бұл қызметке басты үміткер ретінде қарастырылуда. Бұл тізімге голландиялық маманнан басқа "РБ Лейпцигтің" бұрынғы бапкері Ральф Рангник, Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт және Бельгия құрамасының тәлімгері Роберто Мартинес енген.

"Тоттенхэм" "Лестер Ситидің" бас бапкері Брендан Роджерске де қызығушылық танытып отыр, бірақ бұл бапкердің "түлкілер" сапынан кетуі екіталай.

Еске салайық, Моуриньо кеткеннен кейін клубтың бұрынғы футболшысы Райан Мэйсон "Тоттенхэмде" бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×