Кавани: «Наполиді» құрметтегендіктен «Ювентус» пен «Интерден» бас тарттым»

11.12.2020, 17:06
Эдинсон «Манчестер Юнайтедке» еркін агент ретінде қосылды.
Кавани: «Наполиді» құрметтегендіктен «Ювентус» пен «Интерден» бас тарттым»

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Эдинсон Кавани өзінің мансабын Италияда жалғастырудың нұсқалары бар екенін айтты. Уругвайлық шабуылшының айтуынша, оған "Ювентус" пен "Интер" қызығушылық танытқан, бірақ ол бұған дейін "Наполиде" ойнағандықтан, бұл клубтарға ауысқысы келмеген.

Кавани 2010-2013 жылдар аралығында "Наполидің" намысын қорғады. Неаполитандық клуб үшін ол 138 матч өткізіп, 104 гол соқты. Осыдан кейін уругвайлық шабуылшы ПСЖ-ға ауысты.

"Мен әрдайым "Наполи" жанкүйерлеріне ризамын. Сондықтан мен италиялық клубтардан, оның ішінде "Ювентус" пен "Интерден" бас тарттым.

"Наполи" туралы ойлаған кезде жағымды сәттер есіме түседі. Мен керемет ойнадым, жанкүйерлер мені командадан кеткеннен кейін де жақсы көрді", - деп келтіреді RMC Sport Каванидің сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×