Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев «Қайсар» шабуылшысы Айбар Жақсылықовтың өнеріне баға берді.
Айта кетейік, ұлттық команданың сұрмергені өткен турда «Қайсар» үшін маңызды үш ұпайды сыйлаған еді. Айбар «Тұранмен» болған ойында пенальтиден гол салып, командасының жеңісіне үлкен үлес қосты 1:0.
«Шынын айтсам, бұл жігіт бізге 20 жасында келсе, Бундеслигада ойнап кетер еді. Оған Беларусь немесе Ресейдегі даму жолы қажет болған, бірақ ол «Ордабасы», «Тобылды» таңдады. Онда жылдамдық, тактикалық тәртіп және Кумыковқа барғаны да үлкен плюс болды. Бұл дәл қазір менің фаворитім, өте ақылды шабуылшы. Ол бізге нақты керектіні істеуде», - деді Ә. Әлиев "Спорт Пульсу» арнасына берген сұқбатында.
Айбар Жақсылықов ҚПЛ-2025-те 10 ойында 5 рет мергендік танықтқан. Былтырғы маусымдағы 23 матчта 7 голдың авторы атанған. Сондай-ақ, 27 жастағы шабуылшы Қазақстан құрамасының жейдесінде 15 ойында алаңға шықты.