Келер жылы елімізде спорт арнасы ашылмақ

06.10.2012, 08:46
Келер жылы елімізде спорт арнасы ашылмақ

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырған "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтты. 

"Елімізде жұмыс істейтін 2773 БАҚ бар екен, Оның ішіне телеарналар, газеттер, журналдар және интернет сайттары мен ақпараттық порталдар кіреді. Биыл Елбасының тапсырмасымен тәулік бойы хабар тарататын «24.kz» және «Білім» телеарнасы іске қосылды. Ендігі жылы осы қатарға Спорт арнасын қосуды жоспарлап отырмыз", деді вице-министр Арман Қырықбаев. Елімізде бірнеше жылдан бері спорттық арналардың ішінде аптасына жеті күн 24 сағат хабар тарататын "SPORT KZ1" телеарнасы жұмыс істеп келеді. Алайда, аталмыш арнаның отандық спорттан алыс әрі сапасы сын көтермейтінін ескерер болсақ, елімізде мемлекеттік спорт арнасының ашылуы қажет-ақ. http://www.baq.kz/news/17705
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×