Келесі маусымдағы еурокубоктердің финалы қайда өтетіні белгілі болды

21.05.2015, 03:05
Келесі маусымдағы еурокубоктердің финалы қайда өтетіні белгілі болды
Уефаның ресми сайты, 2015/2016 маусымдағы Чемпиондар Лигасының финалын атақты "Сан-Сиро" қабылдайды деп хабарлауда. Миландағы жергілікті "Интер" мен "Миланға" ортақ стадион тарихында төртінші мәрте осындай айтулы мерекені өткізгелі отыр. Ал, Еуропа Лигасының финалын тамашалау үшін жанкүйерлер Швейцарияға сапар шегеді. Базель қаласындағы "Санкт-Якоб Парк" стадионы келер маусымдағы екінші санаттағы еурокубоктің финалын өткізеді. Естеріңізге сала кетсек, осы маусымдағы Чемпиондар Лигасының финалы 6-шы маусым күні Берлинде "Барселона" мен "Ювентус" арасында, 27-ші мамырда Еуропа Лигасының финалы "Днепр" мен "Севилья" арасында Польша астанасы Варшава қаласында өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×