
19 жастағы Алихан Исраилов - Шахтердің негізгі командасымен келісім шартқа отырды.
Қорғанысқа жақын өнер көрсететін жартылай қорғаушы Freedom QJ League турнирінің екі дүркін жеңімпазы.
Алихан QJ турнирінен бөлек, “Қайрат Жастар” сапында Бірінші лига аясында 12 ойын өткізіп үлгерді.
Исраилов қорғаныс пен шабуылға үлгере алатын жылдам ойыншы. Жастар арасындағы турнирде ол голдық пас беру көрсеткіші бойынша өз командасының үздігі атанған.
Айта кетейік, Қарағандылық “Шахтер” ұжымы ертең қонақта “Таразбен” кім мықтыны анықтайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET