Шетелдік бапкер «Ордабасы» - «Торпедо» Кутаиси жұбының фаворитін атады. Жауап анық емес, сонда қай команда басым?

03.07.2025, 12:50

«Жеңістің» бас бапкері Андрей Демченко Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ордабасы» - «Торпедо» Кутаиси жұбының жеңімпазына қатысты пікірін айтты.

Шетелдік бапкер «Ордабасы» - «Торпедо» Кутаиси жұбының фаворитін атады. Жауап анық емес, сонда қай команда басым?
«Ордабасы» ФК футболшылары

Айта кетейік, А. Демченко Грузияда бірнеше командамен жұмыс істеген болатын. Украиналық маман «Дила»,«Динамо» Батуми клубтарын жаттықтырған. 

«Грузия футболы туралы айтсам, Кутаисидің „Торпедосы“ — елдегі жеке орны бар клуб. Олар Грузиядағы ең үлкен бюджеттердің біріне ие, сапалы легионерлер мен мықты жергілікті ойыншыларды шақыра алады. Құрамында деңгейі жоғары футболшылар бар, алайда соған қарамастан олар үш жыл қатарынан чемпион атана алмай келеді. Соңғы екі маусымда бірінші орынға жете алмады, биыл да маусымның басы өте ауыр өтті — тұрақсыз ойнап, бірінші айналымнан кейін турнир кестесінің төменгі жағында болды. Сол себепті айтарым: командада жақсы ойыншылар бар, бірақ проблемалар да жоқ емес, оларға қарсы ойнап, жеңіске жетуге болады», - деді А. Демченко «Sport+» арнасына берген сұқбатында. 

«Ордабасы» мен «Торпедо» Кутаиси арасындағы бірінші матч 10-шілдеде Грузияда болады. Қарымта ойын 17-шілдеде Шымкентте өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×