"Ақтөбе" клубының бұрынғы ойыншысы соққыға жығылған футболшыға қатысты бейнежазбаға қатысты баға берді деп хабарлайды Vesti.kz. "Шахтердің" спорт директоры,Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлықбек Асанбаев Еміл Кенжесариевті жұдырықтың астына алған күзетшінің айтқаны қисынға келмейді деп отыр.
Асанбаевтың айтуынша, футболшы бардан сау күйінде шыққан.Сондықтан "алкоголь өнімін пайдаланған" дегенге еш негіз жоқ дейді ол.Әрі Емілдің даяшыға ақша беріп, қаржының біразын күзетшінің қолына да ұстатқанын алға тартуда. Директор келтірген дерек бойынша, спортшыға жұдырық сілтеп үлгерген күзетші оны бейнекамерадан алшақтау әкетіп тағы да ұрған.
Бұған дейін бар қызметшісі Кенжесариевке есеп айырысудан бас тартқаны үшін қол көтерді делінген болатын.
— Меніңше, бұл іске астыртын әрекеттердің қатысы бар. Барлыққолдағы бар деректермен танысқан тәртіп сақшылары ресми түрде мәлімдеме жасауы тиіс. Әйтпесе, әлі есін жия алмай жатқан жігіттің абыройы айрандай төгілуде, — деп атап өтті Асанбаев.
Ақ халаттылар Емілдің біртіндеп өз-өзіне келе бастағанын айтты. Тіпті, жасанды аппараттың көмегінсіз тыныстап жатқан көрінеді.
Мақпал ЖҰМАШОВА,
Bnews.kz сайты
Біздің серіктес: FONBET