Шотландияның аңдығаны – «Шахтердің» өткір пышағы...

28.08.2013, 01:58
Шотландияның аңдығаны – «Шахтердің» өткір пышағы...

Тек қана Шотландия емес-ау, дәл қазір бүкіл Еуропаның аңдығаны «Шахтердің» басшыларының өткір пышақы болып тұр. «Тағы да қара қойды құрбандыққа шала ма» деп, қараптан-қарап шошып жүргендер көп сияқты.

Ертең түн ауа Глазго қаласында Чемпиондар лигасының төртінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Селтик» пен «Шахтер» қарымта кездесуөткізеді. Бір апта бұрын Астанадан көңілсіз кеткен «кельттер» «топтық кезеңге шығуүшін барымызды саламыз» деп отырған сыңайлы. «Шахтер» клубымен Шоландияға атанған журналистердің хабарлауларынша, шотландықтар қарағандылық футболшылардың дайындықтарын ғана емес,құрбандыққа қой шала ма, жоқ па, соны да андып жүрген көрінеді. Тек қана Шотландия емес-ау, дәл қазір бүкіл Еуропаның аңдығаны «Шахтердің» басшыларының өткір пышақы болып тұр. «Тағы да қара қойды құрбандыққа шала ма» деп, қараптан-қарап шошып жүргендер көп сияқты. Бір ғана ресейлік журналист Василий Уткиннің өзі «Қазақстан клубы тағы да қарақойды құрбандыққа шалып, «Селтикті» сілейтіп кете ма» деп, ішкен асы бойына батпай жүрген сыңайлы... Дәл қазір «бүкіл Шотландия қара қойларын тығып тастады» немесе «қара қойды сатуға тыйым салды» десе де, таңданбайтын болдық. «Шахтер» клубы Шотландияға жеткелі, «Селтик» футболшылары мен жанкүйерлерінің бар армандары мен тілектері «Қазақстан клубы құрбан шала көрмесе екен» деген мәтінге айналғандай. Британдық «The Guardian» басылымының жазуынша, Еуропа алаңдарындақұрбандыққа қой шалып, ойын алдында қан шығармау жайлы коммерциялық емесұйым PETA (жануарларға қолдау көрсететін адамдар) УЕФА президенті Мишель Платиниге өтініш жасапты. Алғашқы ойында біздің чемпионымызға шамасы жетпеген глазголық клуб енді осылай «сасқан үйректің» кебін киіп жатқан сықылды. Айтпақшы, осы ойынға Шотландияда білім алып жүрген 200-ге жуық,қазақстандық студенттер кеншілер клубын қолдап, ойынға келмекші.

 Нұрғазы САСАЕВ,

 Бек ТӨЛЕУОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×