Кетевоама ОАРға қарсы ойнайды

18.03.2013, 21:02
Кетевоама ОАРға қарсы ойнайды

23 наурыз күні ОАР құрама командасы өз алаңында Әлем біріншілігінің іріктеу сыны аясында кезекті ойынын өткізеді. Қарсылас ретінде Кейптаунға қонаққа келетін ұжым Орталық Африка Республикасының құрамасы. Дәл осы ұжымның негізгі ойыншысы саналатын "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Фокси Кетевоама аталмыш ойынға шақырылды. Айта кету керек Кетевоама өткен жолғы өз құрамасының ойынында Ботсвана құрамасының қақпасына екі гол соғып, командасын жеңіске жетелеген болатын.

"А" тобындағы ОңАР  командасы Эфиопиядан бір ұпай қалып, екінші сатыда тұр, әзірге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×