“Майнцке” қарсы матчта алған сары қағазының салдарынан Кейн “Лейпцигпен” өтетін кездесуге қатыспайды. Егер бұл матчта команда жеңіске жетсе Харри Кейнге мансабындағы алғашқы трофейі бұйырады.
Кейн “Баварияның” 3:0 есебімен жеңіске жеткен матчында маусымдағы бесінші сары қағазын алды. Ол Жонатан Буркартқа фол жасап, “Майнцке” жылдам еркін соққы жасауға кедергі келтірген. Осы әрекеті үшін төреші Бастян Данкер Кейнге сары қағаз көрсеткен.
Кейн бұл жайлы: “Бұл шешім жай ғана ақымақтық.” деп пікір білдірді.
“Тоттенхэмнің” бұрынғы жұлдызы 16 жылдық мансабында ешқашан жүлде ұтқан емес.
Көптеген мамандар Кейннің дебюттік маусымында алғашқы жүлдесін ұтып алатынын болжаған еді, өйткені Бавария соңғы 10 маусымда қатарынан лига титулдарын жеңіп алған болатын. Алайда, Хаби Алонсоның “Леверкузені” олардың алдын орап кеткен еді.
Кейн “Бавария” үшін Бундес лигада 61 матчда 60 гол соқты. Ол сондай-ақ екі маусым қатарынан Бундес лиганың ең көп гол салған ойыншысы атануға жақын.
Айболат Өнер