Киммих: «Боруссияға» психологиялық тұрғыда қиын болады

27.05.2020, 16:29
Елдің бәрі голы көп болады деген ойын бір ғана голмен аяқталды.
Киммих: «Боруссияға» психологиялық тұрғыда қиын болады

28-тур аясында "Бавария" "Боруссияны" жеңді. Гол авторы Йозуа Киммих пікір білдірді.

- Бүгінгі жеңістің арқасында біз Дортмундтан басымдылығымызды арттыра түстік. Бірінші таймда қарапайым қателіктерді көп жасадық. Десе де, бір голдың арқасында 3 ұпай еншілеп кеттік. Енді "Боруссияға" психологиялық тұрғыда қиын болады. Ал біз алдағы матчтарда жеңіске жетуге тырысамыз. Негізі бүгінгі ойын тең дәрежеде өтті - деді 43-минутта гол салған Киммих.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×