«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер алдағы «Црвена Звездаға» қарсы өтетін ойын жайлы пікірімен бөлісті:
— Бұл Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі, сол себепті тек жоғары деңгейді күтемін. Біз қос команданың бұрындары кездескенін білеміз, алайда өткен кездесулердің бұл текетіреске еш қатысы жоқ.
— Жоаоның жағдайы қалай? Біз оны ертеңгі ойында көре аламыз ба?
— Өкінішке орай, Жоао жарақат алып қалды және қазір қалыпқа келу үстінде. Ойыншы жеке жаттығумен айналысуда. Оның тезірек сауығуын күтеміз.
— Өткен апта бойы клуб стадионға жанкүйерлердің кіруі жөніндегі мәселені шешті...
— Әлбетте, біз трибуналарда жанкүйерлердің болатынына қуаныштымыз, олар біз үшін өте маңызды. Олардың қолдауы мен күш-қуаты «Маккабиге» қарсы ойында қатты сезілді. Ертеңгі ойында да көрермендердің аздығына қарамастан, қолдау бұрынғыдай болады деп үміттенемін.
Біздің серіктес: FONBET