«Кишварда» клубының спорттық директоры Аттила Ревеш Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратпен» болатын кездесу туралы ойымен бөлісті:
- Төрт команданың ішінде дәл «Қайрат» түспесе екен деп едік. Ұзақ сапарға дайындалу өте қиын болайын деп тұр. Кәсіби жағынан да, ұйымдастыру жағынан да біз үшін оңайға түсетін командалар болды. Бірақ амалымыз қанша. Бұдан былай қарсыласты жіті бақылап, бапкерлік штабпен бізге жүктелген міндетті шешуге тырысамыз. Ақыры осы жерге дейін келген екенбіз, енді тек алға жылжуымыз керек. Командалардың нарықтағы құны бірдей, бірақ басты мәселе біздің келесі кезеңге өту-өтпеуімізде. Сырт алаңдағы ойында оң нәтижеге қол жеткізсек, қарымта матч алдында қазақтар да осындай қиындықтарға тап болады. Бізді клубымызда бұрын соңды болмаған ерекше нәрсе күтіп тұр. Біз бұл сынақтан сүрінбей өтіп, міндетті түрде келесі кезеңге шыққымыз келеді.
Қазір Қазақстан чемпионаты бел ортасына келді. Бұл қарсылас үшін үлкен артықшылық, командалар он екі тур ойын өткізіп үлгерді. Біздің команданың да дайындалуға мүмкіндігі болады, егер ойыншыларымызды сақтап қала алсақ. Сондықтан біз өткен маусымда негізгі құрамда ойнаған футболшыларды осында қалдыру үшін келіссөздер жүргіземіз. Сондай-ақ командаға екі жаңа ойыншы керек.
Біздің серіктес: FONBET