«Осиек» клубының бапкері: «Қызыл-Жар» - тәжірибелі команда, құрамында шетелдік футболшылар көп»

16.06.2022, 02:25
Петропавлдық клуб алғашқы матчты «Астана Аренада» өткізеді.
«Осиек» клубының бапкері: «Қызыл-Жар» - тәжірибелі команда, құрамында шетелдік футболшылар көп»

«Осиек» командасының бас бапкері Ненад Белица УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде петропавлдық «Қызыл-Жармен» болатын текетірес туралы пікір білдірді:

- Біз олар туралы көбірек ақпарат жинаймыз, бұл мәселе емес. Олардың келесі кездесуі Қарағандының «Шахтерымен» (19 маусым) болады, сондықтан олардың ойынын көруге мүмкіндік бар. Бірақ біздің матчқа дейін әлі көп уақыт бар. Ол уақытқа дейін «Қызыл-Жар» жаңа ойыншылармен толығуы мүмкін. Біз олардың қазір нағыз бәсекеге түсіп жатқан клуб екенін білеміз. Оларда өте тәжірибелі команда бар, шетелдік футболшылар көп. Олар туралы нақтырақ айту үшін ойынын бірнеше рет қарауымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×