«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы екінші қарсыласы анықталды

«Тобыл» «Ференцвароштан» жеңілген жағдайда Конференция лигасына түсіп қалады.

«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы екінші қарсыласы анықталды

Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінe арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Қостанайлық «Тобыл» турнирдің екінші іріктеу кезеңіне өткен жағдайда «Слован» (Словакия) - «Динамо Батуми» (Грузия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бұл раундтағы алғашқы ойын 19/20 шілдеде, ал жауапты матч 26/27 шілдеде өтеді.

Еске салайық, бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлықтар «Ференцварошпен» ойнайды. Венгрия чемпиондарынан жеңілген жағдайда «Тобыл» Конференция лигасына екінші іріктеу кезеңіне түсіп қалады. Бұл жерде «Шкупи» (Македония) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңілгенімен күш сынасады.

0 пікір