«Кишварданың» бапкері: «Қайраттың» соңғы кездері сәтті өнер көрсетуі кездейсоқ жағдай емес»

21.07.2022, 17:20
Венгриялық клуб бүгін еурокубокте дебют жасайды.
«Кишварданың» бапкері: «Қайраттың» соңғы кездері сәтті өнер көрсетуі кездейсоқ жағдай емес»

«Кишварда» командасының бас бапкері Ласло Торок УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы өтетін матч жайлы өз ойын ортаға салды:

- «Қайрат» барлық жағынан мықты команда, қорғаныстан шабуылға, шабуылдан қорғанысқа жылдам ауысады. Команда сапында Қазақстан U-21 құрамасының ойыншыларымен қатар мықты легионерлер бар. Соңғы кездері чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, ел кубогінде де алға жылжуы кездейсоқ емес. Біз күндіз-түні оларды талдап, қолымызда бар мәліметтерді пайдаландық. Талдау барысында көргенімізді өз жоспарымызға енгіздік. Әрине, қарсыластарымыздың да солай жасағанына сенімдімін. Біз әлі ресми ойындар өткізбедік, бірақ қазір белгілі бір ақпаратты жасыру мүмкін емес. Бізде бұл ойынға толықтай дайынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×