«Ювентус» А сериясының үздік қорғаушысымен толықты

21.07.2022, 17:35
Бразилиялық қорғаушы «Баварияға» кеткен де Лигттің орнын басты.
«Ювентус» А сериясының үздік қорғаушысымен толықты

«Ториноның» қорғаушысы Бремер ресми түрде туриндік «Ювентуске» ауысты.

25 жастағы футболшының «Ювентуспен» келісім-шарты 2027 жылдың маусымына дейін есептелген. Трансфер құны 41 миллион еуроны құрады. Италиялық клуб Бремерді мюнхендік «Баварияға» кеткен Маттейс де Лигттің орнына алды.

Еске салайық, бразилиялық қорғаушы «Ториноға» «Атлетико Минейродан» 2018 жылдың шілдесінде 5,8 миллион еуроға ауысып келген еді. Содан бері италиялық клуб сапында 110 матч өткізіп, 13 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Бремер өткен маусымның қорытындысы бойынша А сериясының үздік қорғаушысы деп танылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×