КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЧ-2011. ӘЛЕМ КҮТКЕН ФИНАЛ – «БАРСЕЛОНА» VS «САНТОС»

16.12.2011, 13:59
КЛУБТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЧ-2011. ӘЛЕМ КҮТКЕН ФИНАЛ – «БАРСЕЛОНА» VS «САНТОС»
Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Барселона» клубтар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалында катарлық «Аль-Саддты» ойсырата ұтты. Иокогамадағы ойын 4:0 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді. Хосеп Гвардиола алаңға негізгі құрам ойыншыларының жартысын ғана шығарды. Хави, Сеск Фабрегас, Даниэл Алвес пен Серхио Бускетстер қосалқы ойыншылар қатарында қалды.  Катарлық қорғаушылардың алаң алдындағы былықтары 25-ші минуттағы алғашқы голдың кіруіне мұрындық болды.  Қорғаушы Надир Бельхадждың өз қақпашысына «жауға» бергендей пасы өте қолайсыз болды.  Мохамеду Сакр Ахмеду әріптесінің ыңғайсыз добын алысырақ шығармақшы болып дәл Адрианоның аяғына бағыттады. 1:0. Екінші гол тайм соңына 2 минут қалғанда кірді. Бразилия өкілі бұл жолы доппен өзі өтіп айып сызығының маңынан пәрменді соққы жасады. Лионель Мессидің тамаша пасын соңына дейін жеткізген Сейду Кейта есепті тағыда еселетті. Катарлықтар «Барсамен» ойнап жатқанын сезім-санасымен толық түсініп үлгергенше төртінші гол да кіріп кетті. Максвелл допты қарама-қарсы шығып келе жатқан Сакр Ахмедтің екі бұтының арасына өткізіп онысыз да күйреуге ұшыраған жігіттердің еңсесін жермен жексен қылды. Катарлықтар қарсыласынан есесін басқа жолмен қайтаруға көшті. «Аль-Садд» жігіттері Карлес Пуйоль мен Хавьер Маскеранонға қарсы ойын ережесін бұзып, олар ойынды жалғастыра алмады. Ең қатты жарақат алған Давида Вилья болды. Ол жерге оңбай құлап аяғын сындарып алды. Артынан бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Әлем біріншілігінің финалында «Барселона» бразилиялық «Сантоспен» кездеседі. Шешуші ойын 18 желтоқсан күні өтпек. Олжас НҰРАЗХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Барса» финалда
Келесі жаңалық
ҚАРА ҚҰРЛЫҚТА КIМ МЫҚТЫ?
Серіктес жаңалықтары
×