Кофе отанының қарапайым қаһарманы

26.07.2014, 22:12
Кофе отанының қарапайым қаһарманы
James! Жоқ, жоқ Джеймс емес, Хамес! Неге бұлай дейсіз ғой? Бразилиядағы әлем чемпионатының үздік сұрмергенің 3 жасында әкесі тастап кеткен екен. Ал, әкесі Джеймс Бонд жайлы фильмді өте жақсы көрген. Бұл есімді футболшыға кім бергені енді түсінікті де. Бір кездері анасымен бірге, өзің де тастап кеткен әкесін еске алғысы келмегендіктен, Джеймс деген атты естігісі келмейді.  Бұл-екі себептің бірі. Екіншісі-"J" деген таңбаны әдеттегінше "Дж" деп емес, "Х" деп оқитын испан тілі де бар. Бірақ, тағы бір сұрақ көкейді тесіп тұрады. Неге футболшының жейдесінде Родригес деп тегі емес, аты жазулы тұр? Бұған футболшының өзі бұған былай деп жауап берген: "Менің атым Джеймс емес, Хамес! Осылай атауларыңызды сұраймын! Ал, неге жейдемде тегім емес, атым жазулы тұр дейсіз ғой? Білесіз бе, әлемде Родригестер өте көп.  Ал, Хаместер.."-ары қарай жымиып, үнсіз қалды. Балалық шағын тәтті өтті деуге келмейді. Әкеден тірілей айырылды 3 жасында, футболшы ағасын, 90-шы жылдардың ортаң беліңде атып кетеді. Ол шулы, кешкі думандарды ұнатпайды, кейбір жас футболшылар секілді көптің алдыңда рөл ойнау да оған жат қасиет. Бүгінгі жас аяқдопшылардың көбі қандай? Иә, кәсіпқой шебер, бірақ онымен қоса думанды кештердің мырзасы болатын, бір көліктен екінші көлікке секіріп, аяғы ұзын сәнді бикештердің жанынан шықпайтындар. Ал, Хамес өмірдегі жарын ерте тапты. Жексенбі күні қарсылас қақпасының тоғыздығында допты тулатып, ертесіне үнсіз ғана отбасымен саябақта серуендеп жүретін жас. Бар болғаны 22 де. Қарапайым болудан жалыққан емес. Қызығы, оның жарының да футболға қатысы бар. Ол, Колумбия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Давид Оспинаның туған қарындасы. Таңы бір қызығы, екеуі Оспинаның арқасында бір-бірін таппаған, олардың тату-тәтті отбасы болуына себепкер болған екеуіне ортақ құрбысы екен. Жалпы, футболға аяқ басуына өгей әкенің көмегі тиген. 5 жасар баланың футболға деген махаббатын байқап, футбол мектебіне алып барған. Ондағылар буыны қатпаған баланың доппен қалай жұмыс істейтінін көріп, екі жылдан соң негізгі кәсіпқой команда-"Энвигадоға" ауыстырған. Ал, бұл футбол орталғына қатысу үшін 100 песо ақша керек-тұғын. Әрине, Колумбияның қарапайым ғана отбасысы үшін бұл қомақты сомма. Сол кезде өгей әкесі: "Ақша жайлы уайымдама. Бұл сенің болашағың! Менің табуға тырысамын. Ал сен табандылық таныт. Жаттық! Сонда ғана жетісткке жетесің"-дейді. Әрине, бұл сөздер бала Хаместың бойына жігер бергені анық. Ал, оның нәтижесін біз бүгін көзімізбен көріп отырмыз. 15 жасында негізгі құрамда алаңға шығады. 15 жасында! Бір жарым жылдай сол колумбиялық "Энвигада" командасында ойнап, Аргентинаның "Банфилд" командасына ауысады. Бұл кәрі құрлыққа ауысуға алып келетін төте жолы еді. Сол командада ойнап жүріп, "Порту" скауттарының назарына ілігеді. Портудың қандай екенің білеміз. Жарты Еуропаны мықты футболшылармен қамтамасыз ететің футбол цехы дейміз ба.. Болашағынан үміт күттірер жастарды тауып алып, немесе өздері бағып, баптап "гранд" клубтарға сатып, олжаға кенеледі. Хаместы да солай. 2010 жылы 7 миллионға сатып алып, 3 жыл бойы лигадағы қақпашылардың аяғын дірілдетіп бағасы 45 миллионға жеткен кезде "Монакоға" сатады. Көріп отырғанымыздай, Поругалияда бағасы 6,5 еседей өскен. Әлем чемпионаты алдыңда, әрине, Колумбиядан тосын сый күтті. Бірақ, Фалькаосыз бұл команда басқа, үлкен жетістіктерге қауқары жетпес деді. Бірақ, Оңтүстік Америка футболын жіті бақылып, бүге-шүгесіне дейін сараптайтын мамандар іріктеу кезеңінде Фалькао бар Колумбия болжамды, өте бір беткей, ойда  Б жоспары жоқ ойын көрсетті деген болатын. Команданың кез келген ойыншысы доп алған сәтте, "міндетті түрде Фалькаоға пас беру керек" деген шырмалған ойдан шыға алмайтын. Ал, ол қалай аяқтайды өз еркі. Гол сала ма? Керемет! Салмай ма? Ендеше, тағы да сол бағытқа допты міндетті түрде асырамыз. Ал, бір ойыншыға ғана байланысты, бағынышты команданың ұзаққа шаппайтыны белгілі. Ал, Хамес Родригес рөлі басқа. Қашан әріптестерім пас береді деп, тұрып алмай тереңнен шабуылдағанды, шабуыл бастағанды ұнатады. Тіпті, кейде Хаместың алаңда бар-жоғы да білінбейді. Сондай сезім пайда бола бастаған кезде, жоқ жерден табыла кетіп, допты қабылдап, қарсылас қақпасының тоғыздығындағы әдемілеп тоқылған өрмекшінің ұясын жойқын соққысымен бұзады. Ал, әлем чемпионатынан кейін, оның бағасы екі есеге өсті. 80 миллионға еуроға "Реал Мадрид" сатып алды. Біреу бұл ақшаға тұрады дер, тұрмас дер. Бірақ, әлем футболының алтын сахнасына керемет талант иесінің көтeріліп келе жатқаның білеміз. Ойынымен қоса, тағы несі оның баурайды? Әрине, қарапайымдылығы. Құдай берген талант пен, тәртіпті бойына ұялата білген адам. Бұндай жастар өмірде аз. Өз басым, корольдік клубта айы оңынан туады дегенге кәміл сенемін. Мародонаның өзі чемпионаттың үздік футболшысы ретінде Месси алтын допты алған кезде: "Маркетингпен айналысатын адамдар, Мессидің алтын доп алғаның қалады. Бірақ, ол бұған лайықты емес. Бұл әділетіз. Чемпионаттың үздік ойыншысы-Хамес Родригес. Міне, сол жігіт бұл жүлдеге лайықты."-деген еді. Бүгінге дейін, Мессиді әлемнің үздік ойыншысы деп жар салып келген Мароданың өзі, бұл жас футболшыны сол Мессиден жоғары қойғаны да, көп нәрсені аңғартады. Әлем, Месси мен Роналдуды салыстыруды жалықты. Ары кетсе, екі маусымнан соң, кез келген футбол сүйер жан, көшеде допты ұршықша иіріп жүрген жас баланы көріп, таңданғаннан таңдай қағып: "Мәссаған, мынау екінші Хамес қой!"-дер.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×