Командасының ойынын үйдің терезесінен қараған бапкер

31.03.2015, 23:05
Командасының ойынын үйдің терезесінен қараған бапкер
Алты матчқа алаңнан шеттетілген Том Киллик өз командасының кезекті матчын стадионның қасындағы үйдің терезесінен бақылады. Англияның жетінші дивизионында өнер көрсететін «Пул Таун» өз алаңында «Кембриджді» қабылдаған. Алаң иелерінің бапкері жазасына қарамастан, өз командасының ойынын бақылаудың амалын тауыпты. Ол стадионның қасында тұрған үйдің төбесіндегі терезеден алаңды түгел бақылап отырды. «Ойынды қарау үшін тамаша жер екен. Бірақ ойыншылармен байланыса алмау өмірді қиындатады. Бақытыма орай, көмекшілерім жағдайды бақылауда ұстады, ал жеке қиындықтар маған ештеңе емес», - деді маман. 1446895
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×