Бэйл – ең жылдам футболшы

31.03.2015, 23:05
Бэйл – ең жылдам футболшы
Мадридтік «Реал» мен Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл ресми түрде доппен ең жылдам жүгіретін футболшы атанды. Мекискалық «Пачука» клубы жасаған зерттеу нәтижесін ФИФА растады. Бэйлдің доппен жүгіргендегі жылдамдығы сағатына 36,9 шақырымды құрайды екен. Мұндай көрсеткішпен Гарет тізімнің көш басына шықты. 35,23 км/сағ көрсеткішімен «Пачукидің» ойыншысы Юрген Дамм екінші орын алса, үшінші орын «МЮ» хавбегі Антонио Валенсияда – 35,1 км/сағ. Қалған орындарға жайғасқандар: Аарон Леннон («Тоттенхэм») – 33,8 км/ сағ, Криштиану Роналду («Реал») – 33,6 км/ сағ, Тео Уолкотт («Арсенал») – 32,7 км/ сағ, Лионель Месси («Барселона») – 32,5 км/ сағ, Уэйн Руни («МЮ») – 31,2 км/ сағ, Франк Рибери («Бавария») – 30,7 км/ сағ және Серхио Рамос («Реал») – 30,6 км/сағ.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×