«Ливерпуль» Стерлингті трансферге қоймақ

31.03.2015, 23:03
«Ливерпуль» Стерлингті трансферге қоймақ
«Ливерпуль» мен Англия құрамасының жас ойыншысы Рахим Стерлинг мерсисайдтық клубтан кетуі мүмкін. Мұндай шешімді «Ливерпульдің» басшылығы қабылдады. «Қызылдар» Стерлингпен келісім-шартты ұзартуға тырысқан, дегенмен 20 жастағы ойыншысы бас тартты. «Ливерпуль» Рахимге аптасына 140 мың еуро жалақасы ұсынған болатын, бірақ футболшы 220 мың сұрап отыр. Сәтсіз аяқталған келіссөзден кейін «Ливерпульдің» басшылығы Стерлингті сатуға дайын. Ал жас футболшыға мадридтік «Реал», «Арсенал» және «Манчестер Сити» қызығуда.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×