Константин Емельянов: «Соңғы уақытта жиі қателесе бастадық»

26.06.2022, 21:37
«Кеншілер» соңғы екі матч бойы жеңіске жете алмады.
Константин Емельянов: «Соңғы уақытта жиі қателесе бастадық»

«Шахтер» бас бапкерінің міндетін атқарушы Константин Емельянов Премьер-лиганың 15-турында «Ақсумен» болған ойынды (1:1) қорытындылады:

- Біз матчты жақсы бастадық, бірінші болып қарсылас қақпасының маңында қауіпті сәттер жасадық. Содан кейін қателікке бой алдырып, гол жіберіп алдық. Өкінішке орай, соңғы уақытта жиі қателесе бастадық. Үзіліс кезінде жігіттерге шабуыл жасап, мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін және қатемен жұмыс істеу керектігін айттым. Екінші таймда сенімдірек ойнай бастадық, допты жақсы ұстадық. Соғылған голдан кейін мүмкіндіктеріміз көп болды, айып добынан Айдос Тәттібаев көзге түсуі мүмкін еді. Қарсыластың да гол соғатын жақсы мүмкіндіктері болды. Жалпы, ойын тең дәрежеде өрбіді. Сондықтан заңды нәтиже тіркелді деп ойлаймын.

Менің командама келетін болсақ, бізде әлі жақсартуды қажет ететін эпизодтар бар. Жеңілістен кейін жігіттерге біраз қысым түсті, оларда сенім жоғалды. Оның үстіне соңғы ойындарда жіберген қателіктеріміз ойыншылардың психологиясына әсер етеді. Команда бұл жағдайдан шыға алады деп сенейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×