«Тобыл» сырт алаңда «Қызыл-Жарды» сенімді түрде жеңді

26.06.2022, 23:57
Қостанайлық клуб Милановичтің жетекшілігімен өткізген үш матчта да жеңіске жетті.
«Тобыл» сырт алаңда «Қызыл-Жарды» сенімді түрде жеңді

«Қызыл-Жар» Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында «Тобылды» қабылдады. Матч Петропвлдағы «Қарасай» стадионында өтіп, 1:3 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның небәрі 8-минутында Руди Пожег Ванкас есеп ашты. Бұл оның «Тобылдағы» дебюттік голы ретінде тіркелді. 24-минутта Жиан Мартинс таразы басын тең қылды. 64-минутта Душан Йованчич пенальтиді сәтті пайдаланды. Ал 81-минутта команда капитаны Асхат Тағыберген матчтың нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 15-тур

«Қызыл-Жар» – «Тобыл» – 1:3

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв (Евгений Козлов 80), Мусса Коне, Сергей Тихоновский – Жиан Мартинс, Пабло Подио (Руслан Есімов 73) – Артур Мурза, Дарко Зорич, Тимур Мульдинов (Мишель Нкололо 73);

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо (Жасұлан Жұмашев 84), Самат Жарынбетов (Серікжан Мужиков 68), Руди Пожег (Александр Марочкин 78) – Игорь Сергеев (Айбар Жақсылықов 84);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×