Рахим Стерлинг «Челсиге» ауысады

26.06.2022, 20:39
Лондондық клуб жақын күндері ресми ұсыныс тастайды.
Рахим Стерлинг «Челсиге» ауысады

«Челси» жақын күндері «Манчестер Ситиге» шабуылшы Рахим Стерлингті сатып алу туралы ұсыныс тастайды, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Стерлингтің өзі «Челсиге» ауысуға дайын. Англия чемпиондары футболшыны 50-60 миллион еуроға сатуды жоспарлап отыр. Лондондық клуб Рахиммен жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойған екен.

Англия құрамасының шабуылшысына «Челсидің» бас бапкері Томас Тухельдің жеке өзі қызығушылық танытып отыр. Клубта Габриэль Жезусты сатып алатын мүмкіндік болды, бірақ неміс маманы басшылықтан Стерлингті талап етті.

Рахим өткен маусымда «Манчестер Сити» жейдесінде 47 ойынға қатысып, 17 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. 27 жастағы шабуылшының манчестерлік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×