Александр Седнев: «Біз Оралға ұпай жинау үшін ғана емес, жеңіс үшін келдік»

26.06.2022, 20:30
Шымкенттік клуб келесі ойынын «Ақсуға» қарсы өткізеді.
Александр Седнев: «Біз Оралға ұпай жинау үшін ғана емес, жеңіс үшін келдік»

Шымкенттік команданың бас бапкері Александр Седнев «Ақжайық» - «Ордабасы» ойыны жайлы пікір білдірді:

- Тең дәрежеде өткен ойындағы жеңіске разымыз. Стратегиялық тұрғыдан сәл басым болдық, футболшыларыма қиын жағдайда да жеңісті ғана ойлағандары үшін алғыс айтамын. Біз Оралға ұпай жинау үшін ғана емес, жеңіс үшін келдік. Қарсыласты да атап өткеніміз жөн, олар өте жақсы команда, қауіпті сәттері аз ойын болды. Сондай сәттердің бірінде, стандарт жағдайында біз жақсы ойнадық, сол себептен үйге жақсы көңіл-күймен қайтып барамыз. Алға жылжимыз, енді «Ақсуға» қарсы матчты жалғастырамыз, толыққанды дайындалатын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×