«Милан» «Челси» футболшысын жалға алмақ

26.06.2022, 17:56
Италия чемпиондары ойыншыны міндетті түрде сатып алу құқығымен жалға алады.
«Милан» «Челси» футболшысын жалға алмақ

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш «Миланға» жалға берілді. Бұл туралы журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, «Аякстың» бұрынғы ойыншысы «Челсидің» бас бапкері Томас Тухельдің келесі маусымдағы жоспарына енбеген. Италия чемпиондары 29 жастағы ойыншыны сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді. Ал лондондық клуб жалдау мерзімі біткеннен соң Зиештің қайта оралғанын қаламайды.

Хаким Зиеш өткен маусымда «Челси» үшін барлық турнирлерде 44 ойынға қатысып, сегіз гол мен бес нәтижелі пасты өз атына жазды. Transfermarkt порталы жартылай қорғаушының нарықтық құнын 28 миллион еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×