«Ақжайықтың» бас бапкері мен директоры қызметінен кетеді

26.06.2022, 16:32
Оралдық клуб соңғы жеті матчта екі ғана ұпай еншіледі.
«Ақжайықтың» бас бапкері мен директоры қызметінен кетеді

«Ақжайық» командасының украиналық бас бапкері Владимир Мазяр таяу күндері қызметінен кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Оралдық клуб Премьер-лиганың он бесінші турында «Ордабасыдан» 0:1 есебімен жеңілген болатын.

«Тең ойын болды, бірінші таймда да, екінші таймда да жақсы мүмкіндіктер болды, гол соғуымыз қажет еді. Қарсылас бір стандарт арқылы қақпаға бір дәл соққы жасады. Ал біз қайтадан жеңіліп қалдық», - деді Мазяр ойыннан кейін берген сұхбатында.

Бүгін жиналыс өтіп, онда клуб басшылығы бапкерлер штабындағы өзгерістерді жариялайтын болады.

«Ақжайықтың» директоры Азамат Шайхы да өз орнын босатуы мүмкін. 34 жастағы функционер өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Алдағы күндері облыстағы спортқа жауапты мамандар бұл өтінішті қабылдануы мүмкін.

13 ойыннан кейін оралдықтардың еншісінде 12 ұпайы бар. Команда турнирлік кестеде он үшінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×