Король кубогы корольдік клубта

23.04.2011, 05:33
Король кубогы корольдік клубта
18 жыл сарыла күткен кубок. Ия, дәл осыншама уақыт бопты мадридтіктердің Король кубогын ұтпағанына. Испания астанасы дәл осы сәтте думандатып жатыр қуаныштан. Бұл кубоктың құны бұрыңғы кубоктардан да құндырақ. Өзіңіз түсініп отырған шығарсыз. Басқа- басқа емес “Барселонаны” тізе бүктірді олар түнде. Жозенің асығы алшысынан түсті тағы. Жарты жыл бұрын ел біріншілігінде 5:0 мен масқара боп ұтылған ”Реал” сол бір ащы жеңілістің есесін қайтарды деп толығымен айтуға болады. Сондай-ақ корольдік клуб өзінің осы маусымдағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді. Әзірге, алғашқысы. Бәлкім бұл жетістікті Чемпиондар лигасы, Испания чемпионаты мен супер кубогында да қайталауы бек мүмкін. Бірақ тағыда “Барселона ” күтіп тұр. 4 бөлімнен тұратын триллердің екі сериясы аяқталды. Әзірге антракт. Жалғасы бар… Испания кубогы Финал “Барселона” — “Реал” Мадрид — 0:1 ҚУ (0:0, 0:0, 0:1) Гол: Роналду, 103 (0:1). Алаңнан қуылды: Ди Мария, 120 (Р).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×