КӨШ БАСЫНДА – «ҚАЙРАТ»

11.04.2015, 01:10
КӨШ БАСЫНДА – «ҚАЙРАТ»
Футболдан Қазақстан чемпионатында алдын ала бір кездесу өткізілді. 7 турға жоспарланған матчта Алматының «Қайраты» өз алаңында Павлодардың «Ертіс» клубын 1:0 есебімен ұтты. Бұл матчтағы жалғыз голдың авторы – Жерар Гоу. Осы жеңістен кейін 13 ұпай жиған «Қайрат» жарыс кестесінде бірінші орынға көтерілді. Екінші және үшінші сатыларға жайғасқан «Астана» мен «Ордабасының» көш басындағы командадан екі ұпайы кем. Төртінші орындағы «Оқжетпесте» 9 ұпай бар. Бесінші сатыға табан тіреген «Ақтөбе» 7 ұпайды еншілеп отыр. Әзірге осы клубтардың қарқыны тәуір. Бірақ алматылықтарға еш босаңсуға бол­май­ды. Себебі олардың Пре­мьер-лигадағы өзге команда­лар­дан бір ойыны артық. Сондықтан да нағыз тартыс әлі алда деп айтуға толық негіз бар. Ел біріншілігінің келесі тур ойындары ертең өтеді. Бұл бәсеке­лерде мына командалар өзара күш сынасады: «Ордабасы» – «Қай­рат», «Тараз» – «Астана», «Ақтөбе» – «Қайсар», «Атырау» – «Тобыл», «Шахтер» – «Жетісу» және «Ертіс» – «Оқжетпес».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×