"Астанадан" көшбасшы ойыншылардың кету себебі белгілі болды, деп хабарлайды Kazfootball.kz
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, елордалық "Астананың" 2021 жылдың қаңтар айындағы қарыздары шамамен 6,5 миллиард теңгені құрайды.
"Астананың" қарызы шамамен 16 миллион долларды құрайды. Сондықтан клуб қысқы трансфер кезеңінде көшбасшы ойыншыларымен қош айтысуда. Бұған дейін Иван Маевский, Дмитрий Шомко және Алексей Щёткиннің клубтан кеткені хабарланған еді.
Еске салайық, елордалық команда Премьер-лиганың өткен маусымында үшінші орынға ие болды. "Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде беларуссиялық "Динамо Брест" (3:6) командасынан, ал Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Будучность" клубынан жеңілген еді (0:1).
Біздің серіктес: FONBET