Қазақстандық футбол комментаторы Әлімжан Асқар Түркістанның «Тұран» клубынан кететін ойыншылар тізімін жариялады
— Легионерлерді жинау басынан бастап қате шешім болды. Қазақстандық ойыншыларға көбірек мүмкіндік беру керек еді. Клубтан кететіндер: Егор Хаткевич, Әділбек Абдумажитов, Руслан Юденков, Йован Пайович, Василий Совпель, Хуршидбек Мухторов, Шохбоз Умаров, Бехрузбек Аскаров, Горан Милойко, Лука Згурский, Константин Дорофеев.
Айта кетейік, бұған дейін Виталий Жуковскийдің «Туран» клубының бас бапкері қызметінен кететіні туралы ақпарат тараған болатын.