Криштиану Роналду аяқ киім шығарады

21.10.2014, 22:27
Криштиану Роналду аяқ киім шығарады

Миллиондаған  адамның үлгі тұтар азаматына айналған Криштиану Роналду футболдан бөлек, сән әлемін де назардан тыс қалдырмаған екен. Келесі жылдың ақпан айынан бастап «СR7 Foodwear» бренді бар ерге арналған аяқ киім үлгілері Португалиядан шығатын болады. Жыл сайын футболдан көптеген жетістікке жетіп, елдің сүйікті ұлына айналған шабуылшының сән әлемінде де өзіндік орны бар. 2013 жылы дәл осындай атпен ерлердің ішкі киімін және көйлектерін шығарған компания, енді аяқ киім үлгілерін де қолға алған екен. Сапалы заттар шығаруға Роналдуға Нью-Йорктің танымал дизайнері Ричард Чай көмектеседі. Жаңа топтамадағы аяқ киімдердің бағалары әлі толықтай қойылмағандықтан, құпия ұсталуда. Көктемде бұл заттарды интернет дүкендері арқылы сату жоспарланып отыр.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×