Италия Суперкубогіне таласта “Ювентус” “Наполиді” 2:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду ұлттық құрама мен клубтар сапындағы 760-голын соғып, футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Осылайша Роналду 1931-1955 жылдар аралығында доп тепкен чехиялық Йозеф Бицанның рекордын (759 гол) жаңартты. Үшінші сатыға еншісінде 757 голы бар Пеле жайғасқан. Бірақ кейбір дереккөздер Бицан 805 гол соқса, бразилиялық Ромарио – 772 гол, ал Пеле 767 гол соққан дейді.
Роналду “Спортинг” сапында – бес гол, “Манчестер Юнайтедте” – 118 гол, “Реал Мадрид” қатарында 450 гол соқса, “Ювентус” жейдесінде 85 мәрте қақпа торын тулатқан. Ал Португалия ұлттық құрамасында 102 голдың авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET