Қуаныш Қабдолов орнынан кетті. «Атырауды» енді кім тізгіндемек?

26.05.2025, 19:31

Клубтың баспасөз-қызметі «Атырау» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеген Қуаныш Қабдоловтың қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Қуаныш Қабдолов орнынан кетті. «Атырауды» енді кім тізгіндемек?
Қуаныш Кабдолов

37 жастағы маман қызметін өз еркімен босатқан. 

Айта кетейік, Қуаныш Қабдолов өткен айда Константин Горовенконың орнын басқан еді. Содан бері «мұнайшыларды» алты ойынға бастап шыққан, бір тең нәтиже мен бес рет жеңілді. «Атырауға» дейін Қуаныш Кенжәліұлы «Каспийді» тізгіндеді. Бірінші лигада ақтаулық ұжым Қабдоловтың басшылығымен үшінші орын алған. Атыраулық клуб 10 турдан кейін 4 ұпаймен турнирлік кестеде ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×